• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 04:59:54
Алматы
+12°

Қостанайдағы өрттен елдімекендерге қауіп жоқ деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

Министрлік мәліметінше, қазір жалындап жанып жатқан учаскелер жоқ, қалдық от ошақтарын сөндіру жұмыстары әлі де жалғасып жатыр. Әрбір елдімекенді (Аманқарағай, Лесное, Озерное және Бағаналы ауылдарының аумағында) қарауылдау ұйымдастырылған.

Облыстағы жауын-шашынның себебінен ауа ылғалдығы күшейген.
 
"Сағат 7:30-дан 8.40-қа дейін өрт аумағына ұшу жұмыстары жүргізілді. Әуеден барлау нәтижесінде Бағаналы ауылынан Қазанбасы ауылына қарай ауданда өрт төменгі бөлігінде байқалатыны көрінді. Озерное, Лесное және Аманқарағай ауылдарында жағдай тұрақталды. Озерное, Аманқарағай ауылдарында тек локальды өрт ошақтарының жануы, түтін байқалады. Күштер мен құралдар негізгі жұмыс жүргізетін Бағаналы аудандарына қайта топтастырылды. Бағаналы, Озерное, Лесное ауылдарында елді мекендерінде жерді жырту жұмыстарын жүргізу үшін Қорғаныс министрлігі мен жергілікті атқарушы органдардың инженерлік техникасы да жұмылдырылады" делінген хабарламада.

2 қыркүйекте Қостанай облысының Әулиекөл ауданында орман өртеніп, жалын облыстың өзге аудандарын шарпыған. Қазіргі уақытта 5 аймақта өрт сөндіру жұмыстары әлі жалғасып жатыр. Өрттен 10 адам ауыр және жеңіл жарақат алып, 1 адам қаза тапқан.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір