05 Қыркүйек, 2022 NEWS
Фото: КазТАГ
Қостанай облысындағы Лесное, Озерное, Бағаналы, Калинино ауылдары мен орман алқабында өрт сөндіру әлі де жалғасып жатыр.
Өртті сөндіруге 196 бірлік техника, 7 әуе кемесі, 5 өрт пойызы, жеке құрамның 1526 адамы, әскери-әуе күштері армия авиациясының Ми-171 тікұшақтары жұмылдырылған. Қорғаныс министрлігі өрт сөндіру жүйесі бар Ми-17 тікұшақтарының тағы үшеуі дайын тұрғанын хабарлады.
Қазгидрометтің мәліметінше, өрт шарпыған Әулиекөл ауданында ауа температурасы әлі де жоғары – 31 градус. Ал желдің жылдамдығы секундына 7 м/с дейін жетеді.
Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері Озерное, Аманқарағай, Калинино және Лесное ауылдарынан 1841 адамды қауіпсіз жерге көшірген. Жергілікті атқарушы органдар эвакуацияланғандарды Әулиекөл орта мектебі мен Әулиекөл мектеп-интернатына орналастырған. Зардап шеккендерге психологиялық көмек көрсетілетін болады.
Қазір эвакуациялау пункттерінде 66 адам бар, қалғандары үйлеріне оралды немесе туыстарының үйін паналауда. Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов Қостанай облысының Әулиекөл ауданында орман өртінен зардап шеккендерге жаңа үйлер салуға жер бөлінгенін мәлімдеді. Әкім облыста қыс оңтүстікке қарағанда ерте түсетіндіктен жаңа үйлер қазан айына дейін салынып бітуге тиіс екенін айтты.
Өрттен 10 адам ауыр және жеңіл жарақаттар алып, 1 адам қаза тапқан.
Бүгін президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай облысына барды.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір