• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қараша, 03:11:47
Алматы
+12°

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі президент жолдауындағы әйелдердің зейнет жасы туралы бастамаға түсініктеме берді. 

Қасым-Жомарт Тоқаев кешегі жолдауында әйелдердің зейнет жасын 2028 жылға дейін 61 жас деңгейінде ұстап тұруға тапсырма берген. Бұл келесі жылдан бастап күшіне енеді. Осылайша, әйелдер 5 жыл бойы 61 жаста зейнетке шыға алады.

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында зейнетақы жүйесінің тиімділігін арттыру бойынша жаңа шаралар пакеті ұсынылды. Олардың бірі – 2023 жылдан бастап әйелдердің зейнеткерлік жасын 61 жас деңгейінде жоспарланған арттыруды 5 жылға тоқтата тұру. Бұл шара коронавирус пандемиясының азаматтардың денсаулығы мен өмір сүру ұзақтығына теріс әсерін ескере отырып қабылданды", делінген министрлік түсініктемесінде.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір