• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 06:20:08
Алматы
+12°

Президент дәстүрлі жолдауында әлеуметтік саланы қамтитын бірқатар тапсырмалар берді. Атап айтқанда:

♦ Ең төменгі жалақы деңгейі 60 мың теңгеден, 70 мың теңгеге көтеріледі. Бұл – 1,8 млн адамды тікелей қамтиды.

♦ 2028 жылға дейін әйелдер үшін зейнет жасы 61 жас болады. Зейнетақы жүйесі қайта жасақталады.

♦ Ұлттық қордың инвестициялық табысының 50 пайызын 18 жасқа дейінгі балалардың арнайы есепшотына аудару ұсынылды. Шоттағы қаржыны тек 18 жасқа толғаннан кейін, баспана немесе білім алу мақсатында ғана шешуге болады. Елде жыл сайын 400 мыңнан астам бала дүниеге келеді деп есептегенде әр баланың шотында 18 жасқа дейін 3 мың АҚШ долларына тең қаражат жиналады деп күтіліп отыр.

♦ 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап, бала күтіміне байланысты жәрдемақы бала бір жарым жасқа келгенге дейін төленетін болады.

♦ Жастарға бизнес бастау үшін жылына 2,5 пайызбен несиелер беріледі.

♦ Жоғары білім алу үшін жылына 2-3 пайызбен жеңілдетілген несие беріледі. 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: жолдау

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір