• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

21 Қыркүйек, 01:33:31
Алматы
+35°
Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі Моңғолия жерінде Күлтегін мен Білге қағанның әкесі Құтлық Елтеріс қағанның кешені табылғанын мәлім етті.
 
"Сүйінші! Ханғай жотасында, Өтүкен аймағында керемет жаңалық ашылды. Халықаралық Түркі академиясы мен Моңғолия Ғылым академиясы Археология институтының біріккен ғылыми археологиялық экспедициясы аясында Номғон алқабында Күлтегін мен Білге қағанның әкесі, Түрік қағандығын қайта дәуірлеткен ұлы Құтлық Елтеріс қағанның кешені табылды. Салтанатты кешенде табылған бітіктаста тарихымызға бетбұрыс жасайтын түрк және соғды жазуымен мәтіндер бар! Қалған жаңалықты ертең Ұланбатырдағы Баспасөз орталығында өтетін жиында жариялаймыз! Баршаға құтты болсын!" делінген Дархан Қыдырәлінің facebook парақшасында.
 
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір