Көрнекі сурет
Жүктілікке, босануға және жаңа туған баланы асырап алуға байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемді тағайындау үшін өтінішті енді Электрондық үкімет порталы арқылы беруге болады. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.
ЕGov.kz порталы арқылы өтініш беру үшін басты бетте "Әлеуметтік қамсыздандыру" бөлімін ашып, "Отбасыларға көмек" тармағын таңдап, тиісті қызметті табу керек.
Осыдан кейін пайдаланушы порталда авторизацияланып, онлайн қызметке тапсырыс беруі, барлық міндетті қатарларды толтыруы, талап етілетін файлдарды тіркеуі және ұсынылған нұсқалардың бірімен өтінімге қол қоюы қажет.
Өтінімді eGov.kz порталында қарау мерзімі 8 жұмыс күнін құрайды. Сомасы көрсетілген төлем тағайындау туралы хабарлама немесе бас тарту туралы дәлелді жауап пайдаланушының жеке кабинетіне жіберіледі.
Электрондық құжат және сұрау салу нәтижесі туралы хабарлама одан әрі жеке кабинетте, "Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде қолжетімді болады.
Аталған қызметті eGov.kz порталы арқылы алу үшін жұмыс берушінің кадр қызметі толтыратын еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесінен электрондық мәліметтер қажет. Сондықтан қызметті алушы жүктілікке және бала тууға, жаңа туған баланы асырап алуға байланысты демалысқа шығу туралы тиісті деректердің E-HR-ге енгізілгенін нақтылауы қажет.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір