23 Тамыз, 2022 NEWS
Көрнекі сурет
Республиканың барлық өңірінде жаппай егін жинау науқаны басталды. Бүгінде барлығы 2,2 млн га дәнді және дәнді-бұршақты дақыл (13,9%) жиналды. Бұл – барлық алқаптың 13 пайызы, деді Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев Үкімет отырысында.
Орташа өнімділік гектарына 14,6 центнерді құраған. Қазірге дейін 3,3 млн тонна астық бастырылған.
Биыл ауыл шаруашылығы дақылдары жиналған алаң 23,4 млн гектарды құрады, бұл – 2021 жылмен салыстырғанда 387,1 мың гектарға артық.
Министрлік мәліметінше, астық жинаудан күтілетін көлем республиканың ішкі қажеттілігін толық қамтамасыз ету, сондай-ақ астықтың белгілі бір көлемін экспортқа өткізу және дәстүрлі нарықтардағы сауда позицияларын сақтау үшін жеткілікті.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір