• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 00:10:16
Алматы
+12°

Алматыда 24 жастағы келіншек пен онымен бірге тұратын 21 жастағы ер адам дүниеге келгеніне алты күн болған қыздарын сатпақ болған. Қазіргі уақытта қылмыс жасады деген күдікпен жеті адам қамауға алынды. Бұл туралы ішкі істер министрлігінің ресми интернет ресурсы хабарлады.

Алматы қаласы полиция департаментінің мәліметінше, жұп құрсақтағы баласын сатып алушыларды екі ай бұрын іздей бастаған.

– Баланы Алматы қаласының тұрғындары – 48 жастағы У.есімді азамат пен 46 жастағы Е.есімді азаматша алғысы келген. Тараптар 2 миллион теңгеге келіскен. Мәміле өткен демалыста жасалды. Алайда Криминалдық полиция және Ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармалары қызметкерлерінің қаланың әр жерінде бір уақытта жүргізген арнайы іс-шарасы күдіктілердің жоспарын бұзды. Алғашқылардың қатарында қыздың биологиялық ата-анасы ұсталды. Одан кейін ықтималды сатып алушылар және ерлі-зайыпты делдалдар ұсталды. Артынша ақшалай сыйақы үшін баланың құжаттарын рәсімдеу міндетін өз мойнына алған 56 жастағы А. есімді азаматша ұсталды, – деді Полиция департаменті бастығының орынбасары Дидар Аханов.

Дидар Ахановтың айтуынша, кездесу кезінде делдалдардың қолында үш және бір айлық тағы екі сәбиі болған.

– Ер адам бұлар өздерінің балалары екенін айта бастады. Алайда олар балалардың жеке басын куәландыратын құжатты көрсете алмады. Осылайша, осы арнайы іс-шараның нәтижесінде күдіктілерден үш сәби алынды. Олар медициналық мекемеге тексерілу және қажет болған жағдайда көмек көрсету үшін жеткізілді. Күдіктілер бұл балаларды "тірі" тауар ретінде пайдалануы мүмкін екенін жоққа шығармаймыз. Тергеу міндетті түрде шындықты анықтайтын болады, – деді Аханов.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: адам саудасы

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір