• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

21 Қараша, 15:33:19
Алматы
+12°

Айтыскер ақын Ринат Зайытов билік референдумды жүйенің ауысқанын көрсеткісі келгендіктен жасады деп санайды. Бұл туралы ол  Ulysmedia.kz порталына берген сұхбатында айтты.

– Референдум арқылы Тоқаевтың артында халық бар екенін, оған сенім артылып отырғанын көрсету керек болды. Өткенде Абай ауданына бардым. 8-сыныпта оқитын бала "Аға, біз өлең шығаратын едік" деп келді. Өлең оқып тұр. Қаршадай қыз қарлығаштай отқа қанатымен су сеуіп жүрген сияқты "ертең бізді жемқорлар қинамасын деп тілейміз" деген мағынада өлең айтып тұр. Қыз балаға "сен осы өлеңді аудандық газетке шығаршы, мен сол аудандық газетті сатып алайын" дедім. Жол түсіп, құдай бұйыртып, Тоқаевпен кездесіп жатсам, бірінші кезекте сол қыздың өлеңін оқып берейін деп тұрмын. "Аға, 8 оқитын бала сізге осылай үміт артып отыр" деп айтамын. Ары қарай өзіңіз қараңыз... Егер біздің буынның одан көңілі қалатын болса, ары қарай оны жексұрын деп атауға екі буын дайын тұр деп ойлай беріңіз. Өзіне ол қажет емес, – дейді ақын.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір