• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 05:57:55
Алматы
+12°

Кеше, 21 тамыз күні Алматыда «Қандас медицина мамандарының ғылыми талқысы» деген атаумен Қазақстан тәуелсіздігін алғалы елге Қытайдан келген қандастардың ішінде медицина саласында қызмет етіп жүрген мамандардың арнайы жиыны өтті. Конференцияға «Ел-Аман медицина» орталығының директоры, ішкі аурулар кафедрасы бас дәрігерінің орынбасары Дастан Разбайұлы мен Damu Business Group қауымдастығының басқарма төрағасы Құмар Жұмахан бастамашыл болған.

Дастан Разбайұлы жиын ел егемендігін алған 30 жылда адам жанының арашасы болған дәрігерлерді, медицина мамандарын елге, халыққа таныстыру, сол арқылы олардың еңбегін көпшілікке жеткізуді мақсат ететінін айтты.

–  Осы жиналысты өткізуге көмек көрсеткен Damu Business Group қауымдастығына, спикер ағаларға, бастаманы бірінші болып көтерген Серік Дүйсенбіұлы ағамызға, келіп қатысып жатқан барлық әріптестеріме алғысымды білдірем, – деді жиынды ашқан «Ел-Аман медицина» орталығының директоры.

Damu Business Group қауымдастығының басқарма төрағасы Құмар Жұмахан іс-шара бірліктің, ынтымақтың арқасында жүзеге асып отырғанын атап өтті.

Фото: Qamshy.kz

Жиын барысында мамандар еліміздегі медицина саласын бірлесе дамыту жолдарын талқылап, саладағы жекелеген мәселелер туралы өз тәжірибелері негізінде баяндамалар жасады.

Қазақстан Ұлттық Ғылыми Медицина Орталык жүрек институтының директоры Асқар Қадылбекұлы созылмалы жүрек жетіспеушілігін емдеудегі жаңа технологиялар туралы жаңалықтарды бөлісті.

«Kelun-Kazpharm» ЖШС-ның құрылтайшысы және атқарушы директоры Мерей Сламулы компанияның даму барысы жөнінде айтса, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық зерттеу университеті Дәрілік өсімдіктерді ғылыми зерттеу орталығының директоры Химия және органикалық заттар, табиғи қосылыстар мен полимерлер технологиясы кафедрасының профессоры, PhD докторы Жанар Жеңісқызы “Қазақстанда өсетін дәрілік өсімдіктердің фитохимиялық бейіні және биологиялық белсенділігі” атты ғылыми баяндама жасаса, 
онкология және омырау безі, қалқанша безінің маманы Жеңіс Қалиязым омыраубез рагінің қолтық астындағы лимфа түйіндерінің биопсиясы туралы айтты.

Алматы Шығыс медицина орталығының қызметкері Ерлан Қазезұлы дәстүрлі қытай медицинасы мен ине арқылы емдеудің маңызы және оның ауруларды емдеудегі ерекше рөліне тоқталса, Ұлттық ғылыми медициналық орталықтың Интервенционды кардиология бөлімінің меңгерушісі Беглан Стамболұлы «Созылмалы толық коронарлық окклюзияға арналған интервенциялық терапияның ұсынылған бағыты», Ортопед, сүйек маманы Мұқай Бауыржан «Бел омыртқа аралық тақсысының бұлтиып шығуы», Алматы Бучан клиникасының иглотерапевті Асқар Дәкенұлы МРТ арқылы омыртқа ауруларын анықтау, пульмонолог Дутан Сәкен туберкулезді сәулелік диагностикалау жөніндегі тәжірибелерін ортаға салды.

Жүрек-қан тамырлар жүйесінің дәрігері Гүлназ Сейдолла «Антибиотик дәрілердің клиникада қолданылуы» туралы ғылыми жұмысын назарға ұсынды.

Конференция барысында күрмеуі көп күрделі мәселелер туралы айтылды

Айталық, шет елге емделіп жатқан адамдарға анализ жасау, сол аппарттарды кәсіпкерлердің көмегімен елге әкелу мәселесі, науқастың шет елге барғандағы жол шығынын, емделу ақысын өтеу жағдайлары, қаржы жетіспеуінен шет елдегі ем тоқтап қалған жағдайларды шешу жайы, шетелде емделуге барғандар кезігетін тіл мәселесін шешу жолдары, медицина саласынан бейхабар маманның дәрігер болуы, науқастардың шет елге баруынан отандық медицинаның әлсіреуі, таза қазақ тілінде қызмет көрсететін емхананың жоқтығы секілді түйіткілдерді шешу амалдары туралы ойлар айтылып, ұсыныстар жеткізілді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір