Көрнекі сурет
Деструктивті діни ағымды ұстанушы педофил ретінде күдікке ілінді, – деп хабарлады Polisia.kz порталы.
"15 тамызда кәмелетке толмағандарға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасады деген күдікпен республикалық іздеуде жүрген "Таблиғи Джамаат" діни-экстремистік ұйымын ұстанушы Теміртау қаласының тұрғыны 51 жастағы А. есімді азамат ұсталды. Қаскөй ұзақ уақыт бойы Түркия мен Қырғызстанда жасырынып жүрген. Әрі қарай қылмыстық қудалау үшін А. есімді азамат Қарағанды облысының уәкілетті органдарына берілетін болады" делінген ақпараттық хабарламада.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір