• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 21:58:44
Алматы
+35°

Қостанай облысының Полиция депарламенті жоғалып кеткен 5 жастағы Мадина Ерланқызын іздеу баланың ерекшеліктерін ескере отырып, тыныштық режимінде жүргізіліп жатқанын айтты.

ІІМ ресми интернет ресурсы polisia.kz порталының мәліметінше, аумақты тінту бағыты өзгерген. Егер бұрын аумақты тінту Тобыл өзенінің бойымен жүргізілсе, енді Тобылдан Жамбыл ауылына қарай өзгерген"

"Түнде жылу таратқышы бар арнайы бөлімшелер жұмыс істеді, барлау тактикасы қолданылды. Таңертең төрт бағытта 100 шақырымға дейін созылған іздеу аймағын айналып өту қайта басталды. Іздеуді еріктілер, жанашыр азаматтар, сондай-ақ Ұлттық ұлан, ШҚ, ҚР ҰҚКД әскери қызметшілері, кинологтар, полицейлер, ТЖД және басқа да құқық қорғау және арнайы органдардың қызметкерлері жалғастыруда" делінген хабарламада.

Мадина 7 тамыз күні таңғы 7:00 шамасында Қостанай облысы Жамбыл ауылындағы үйінің терезесінен белгісіз бағытқа шығып кеткен. Үстінде іш киімнен басқа ештеңе болмаған. 5 жасар қыз аутизмге шалдыққан, сөйлей алмайды.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: 5 жасар қыз қостанай

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір