• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

21 Қараша, 23:07:34
Алматы
+12°
Елдегі ең ірі мегаполис Алматыда оқу жылы қарсаңында әдеттегідей пәтер жалдау ақысы қымбаттаған. Мамандар қымбатшылықтың шырқау шегі әлі алда екенін айтады.
 
Krisha.kz сарапшыларының дерегінше, тамыздың басында 1-3 бөлмелі жалдамалы пәтерлер шілдеге қарағанда 15 пайызға қымбаттаған. Соның ішінде 2 бөлмелі пәтерді жалдау 25 пайызға, 1 бөлмелілердікі 7 пайызға, 3 бөлмелі пәтерлерлердің жалдау ақысы 14 пайызға жоғарылаған. 9 тамыздағы жағдай бойынша Алматыдағы жалдамалы пәтерлердегі шаршы метрдің орташа құны 4900 теңгеге жеткен.
 
Тамыздың басында 1-бөлмелі пәтерлердің орташа жалдау ақысы айына 150 мың теңге, 2-бөлмелілер 250 мың теңге, 3 бөлмелілер 319 мың теңгеге дейін өскен.
 
Жалдау құны пәтердің орналасқан жеріне көп байланысты. Түрлі аудандардағы бір форматтағы пәтерлердің жалдау құнындағы айырмашылық кей жерлерде 200 мың теңгеге дейін жеткен.
 
2-бөлмелі пәтерлер Бостандық, Медеу және Жетісу аудандарында қымбаттаса, 3-бөлмелі пәтерлердің жалдау құны Медеу, Бостандық, Әуезов аудандарында шарықтай түскен. Ал жалпы қала бойынша Алмалы, Бостандық, Медеу аудандарында пәтер жалдау қалған аудандарға қарағанда қымбатырақ.
 
Мамандар алдағы уақытта сұраныс артатынына байланысты жалдамалы пәтерлердің құны қымбаттай түсіп, баспана нарығындағы сапырылыс қазан айына дейін жалғасады деп отыр.
"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: жалдамалы пәтерлер

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір