09 Тамыз, 2022 NEWS
Талдықорғандағы тергеу изоляторында үтікпен азапталғандардың бірі Азамат Батырбаев
Бас прокуратура қаңтар айындағы оқиғалар кезінде ұсталғандарды азаптаған полиция қызметкерлеріне қатысты қылмыстық істерді тергеу барысы туралы ақпарат жариялады.
Бас прокуратура мәліметінше, қазіргі уақытта арнайы прокурорлар Алматы облысының полиция департаментінде үтік басып азаптау тәсілдерін қолдану ісі бойынша тергеуді аяқтаған.
"Нәтижесінде полиция қызметкерлері 2022 жылғы 7-17 қаңтар аралығында Талдықорған қаласында жаппай тәртіпсіздік жасағаны үшін ұсталған 23 азаматқа азаптау қолданғаны дәлелденді. Қылмыстық кодекстің 146-бабы (Азаптау) бойынша 5 полиция қызметкері күдікті деп танылды, оның ішінде 3 Криминалдық полиция басқармасының қызметкері, 1 Әкімшілік полиция басқармасының инспекторы және 1 ЖҚАЖ қызметкері. 2022 жылғы 4 тамызда қылмыстық іс мәні бойынша қарау үшін сотқа жолданды. Азаптауды қолданудың басқа да фактілерін тергеу аяқталуға жақын" делінген ақпараттық хабарламада.
Аталған бап бойынша айыпкерді бес жылдан он екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір