• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 01:33:50
+12°

Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевқа тиесілі қайырымдылық қор журналистік зерттеумен айналысатын Journalism Development Network басылымын жала жапты деп сотқа берген. Бұл туралы қазақстандық журналист Дмитрий Шишкин мәлім етті заңгерлер мен БАҚ-қа арналған америкалық жалпыұлттық Courthouse News Service қызметің ақпаратын бөлісіп.қам

Назарбаев қоры басылым жариялаған бұрынғы президенттің миллиардтаған байлығы туралы зерттеуі Назарбаевтың іскерлік беделіне нұқсан келтіреді деп мәлімдеген.

Басылым ақпаратынша, қорға Вашингтондағы Boies Schiller Flexner заң фирмасының Мэтью Л. Шварц есімді адвокаты өкілдік еткен.

Мэтью Л. Шварц шағымында қор Назарбаев университеті мен Назарбаев зияткерлік мектебін, Ортаазиялық ел (Қазақстан - ред) үшін батыста маман даярлауды қаржылай қолдау үшін құрылғанын айтады

Journalism Development Network директоры Дрю Салливан шағым түсіретіндей еш негіз жоқ, Жемқорлық пен ұйымдасқан қылмысты зерттеу орталығы мұны растайды деп отыр.

Шағымға себеп болған зерттеу биылғы 19 қаңтарда жарияланған. Зерттеуде Назарбаевқа тиесілі қорлар қымбат отель, жеке ұшақ, гольф алаңы, сауда орталықтары, телеарналар мен банктерді иеленіп отырғаны жазылған. OCCRP Назарбаев қорына тиесілі активтерде кемі 7,8 млрд доллар бар деп бағалаған.

Зерттеуде Назарбаев құрған "Қазақстанның бірінші президенті – Елбасы" қоры (2021 жылы жабылған), "Назарбаев қоры", "Нұрсұлтан Назарбаев қоры", "Демеу қоры" және "Елбасы" (2021 жылы ашылған) қоры жайлы айтылады.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Назарбаев қоры

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір