04 Тамыз, 2022 NEWS
Көрнекі сурет
Ақтауда 26 жастағы полиция қызметкерінің қазасына байланысты тергеу жүріп жатыр, деп жазады InAktau.kz порталы.
3 тамыз күні сағат 3.50-де кезекші полицейге пышақ жарақатын алған 26 жастағы жігіт ауруханаға жеткізілгені, алайда есін жимастан қайтыс болғаны туралы хабар келіп түскен.
"Қайтыс болған адам еңбек демалысында жүрген полиция қызметкері болып шықты. Жедел-іздеу шараларының барысында 27 жастағы күдікті анықталып, ұсталды" делінген Маңғыстау облысы Полиция департаменті хабарламасында.
Аталған дерек сотқа дейінгі тергеудің бірыңғй тізіліміне қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігі (Адам өлтіру) бойынша тіркеліп, сот-медицина сараптамасы тағайындалған. Тергеу жүріп жатыр.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір