• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

21 Қараша, 19:58:24
Алматы
+12°

Франциялық eureporter.co сайтында "Францияның босқындар жөніндегі соты Мұхтар Әблязовтың ісін қарауға дайындалуда" деген тақырыптағы ақпарат жарияланды. 

"Әблязовтың ұзаққа созылған оқиғасы Францияның босқындар ісі жөніндегі ұлттық сотына дейін жетті. Сот жақын арада олигархтың босқын мәртебесіне қатысты шешім шығарады", делінген ақпаратта.

Ал  Paris Match басылымы бұл сот шешімі Қазақстан мен Франция арасындағы қарым-қатынасқа әсер ететінін жазған. 

"Франция алдағы уақытта Әблязовқа қолдау көрсетіп, саяси баспанасынан айырмайтын болса, Қазақстанмен қарым-қатынасы нашарлайды. Себебі Қазақстан мен Франция арасында қорғаныс және уран өндірісі салаларында ірі келісімшарттар бар", деп жазады Paris Match

Басылымның дерегіне сүйенсек, Мұхтар Әблязовқа қатысты мәселе 2009 жылы Қазақстан прокуратурасы Әблязов жалған несиелер және көптеген фронт компаниялар арқылы БТА Банкінен 7,5 миллиард долларды жылыстатқан деген мәлімдемесінен кейін басталған. 

Әблязовтың экстрадициясын Қазақстаннан бөлек Ресей мен Украина да сұрап отыр. Екі ел де экс-банкирді ірі көлемде алаяқтық жасады деп айыптаған. Қазақстан мен Ұлыбританияда олигарх өмірбойына бас бостандығынан айыру жазасына кесілген.

Әблязовтың өзі Қазақстан  сотының шешімін саяси астары бар деп санайды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір