Көрнекі сурет
Сарапшыларының есептеріне сәйкес, 2050 жылға қарай, халық санының өсуі бойынша көшбасшы Шымкент қаласы болады. 2050 жылға қарай қалада 2,8 млн адам тұрады деген болжам бар. Нұр-Сұлтан қаласында халық саны 2,9 млн адамға, Алматыда 3,5 млн адамға жетеді.
БҰҰ сарапшыларының сараптамасына сәйкес, осы жылдың қараша айында әлемдік халық саны 8 млрд адамнан асатынына қарамастан, соңғы уақытта өсім біртіндеп баяулауы байқалады. Мәселен, 2019 жылы әлемдің халық өсімі 76 млн адамды құраса, 2021 жылы 68 млн адам болды.
– Әлемде халық саны 9 миллиардтық межеге 2037 жылға, ал 10 миллиардтық межеге 2058 жылға қарай жетеді деп күтілуде. Бірақ бұл ретте 2019 жылғы болжамда 2022 жылға күтілетін көрсеткіш 7 млрд 954 млн адамды құраған, яғни пандемия халықтың жиынтық өсуіне парадоксалды түрде оң әсерін тигізді, – деп түйіндеді сарапшы.
БҰҰ мәліметтері бойынша, келесі жылы Қытай халық саны бойынша Үндістанға жол береді, ал 2030 жылға қарай үнділер саны қытайлардан 100 миллион адамға асып түседі. 2050 жылға қарай Үндістан халқының саны 1,7 млрд адамға жетсе, Қытайлықтар саны 1,3 млрд адамға дейін қысқарады. 2050 жылға қарай әлемдегі халық саны бойынша үшінші ел Нигерия болады (2050 жылы 377 миллион адам), АҚШ төртінші орынға түседі (2050 жылы 375 миллион адам), халық саны бойынша бесінші ел Пәкістан болады (368 миллион адам), ал алтыншы – Индонезия (317 миллион адам).
Халық саны 2050 жылға қарай едәуір қысқаратын елдер арасында Қытайды (2022 жылмен салыстырғанда 113 млн адамға немесе 7,9%-ға), Жапонияны (20 млн адамға немесе 16,3%-ға), Ресейді (11,6 млн адамға немесе 8%-ға), Италияны (6,8 млн адамға немесе 11,5%), Украинаны (6,8 миллион адам немесе 17,2%), Оңтүстік Кореяны (6 миллион адамға немесе 11,7%), Польшаны (4,9 миллион адамға немесе 12,4%) және Германияны (4,4 миллион адамға немесе 5,3%) бөліп көрсетуге болады.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір