29 Шілде, 2022 NEWS
Фото: azattyq-ruhy.kz
Үндістанның Ченнаи қаласында өткен шахмат олимпиадасына Қазақстан құрамасы тусыз барған. Бұл туралы шахматшы Бибісара Асаубаеваның анасы Лиана Таңжарықова өзінің Facebook парақшасына жазды.
"Шахматтың отаны Үндістанда биыл алғаш рет 186 ұлттық құраманың шеруімен Олимпиаданың ашылу салтанаты өтті. Ашылу салтанаты ауқымды түрде өтті. Үндістан жұртты таң қалдыру үшін барын салды. Бірақ олимпиадада 185 мемлекеттің жалауы болды. Неліктен 186 команда бола тұра, 185 ту деп сұрайтын шығарсыздар? Өйткені, Қазақстан Шахмат федерациясы әлемдік олимпиадаға көк туды керек етпеген. Немесе алдын ала дайындалмаған, 20 мың теңгеге сатып алғысы келмеген, көк туды алуды ұмытып кеткен. Себебі маңызды емес. Нәтижесінде халықаралық олимпиаданың ашылу салтанатына Қазақстан көк тусыз қатысты. Бұл өте ұят әрі масқара. Барлығын кешіруге болады, бірақ туды естен шығарғандарын кешіру мүмкін емес!" деп жазды Лиана Таңжарықова.
Бұл жағдайға қатысты Қазақстан шахмат федерациясы әлі түсініктеме берген жоқ.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір