• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қараша, 14:46:07
Алматы
+12°
27 шілдеде Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі Моңғолияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшіcі Доржийн Баярхүү мырзамен кездесті. Бұл туралы академияның баспасөз қызметі хабарлады.
 
Моңғолияның Қазақстандағы Елшілігінде өткен кездесуде тараптар ғылыми ынтымақтастық бағытындағы атқарылып жатқан жұмыстар жайын талқылап, алдағы уақытта Академияның Моңғолия аумағында жоспарлаған археологиялық қазба жұмыстары бойынша пікір алмасқан.
 
"Елші Доржийн Баярхүү Халықаралық Түркі академиясының бауырлас елдер арасындағы байланысты және ғылыми интеграцияны нығайтуға бағытталған барлық бастамаларына Моңғолия тарапынан тұрақты қолдау жалғаса беретінін жеткізді. Кездесу соңында Академия басшысы Д. Қыдырәді Елші мырзаның қабылдауына ризашылығын білдіріп, Түркі академиясы әзірлеген бірқатар ғылыми басылымдарды тарту етті" делінген ақпараттық хабарламада.
 
Фото: Халықаралық Түркі академиясының баспасөз қызметі
 
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір