• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 05:36:29
Алматы
+12°

Киев қаласында өткен саммитте БҰҰ-ның қақтығыс кезінде  болатын жыныстық зорлық-зомбылық жөніндегі арнайы өкілі Прамилла Паттен ресейлік әскер тарапынан жасалған зорлау оқиғалары туралы мәлімдеме жасады, деп жазады BBC. Оның айтуынша, Ресей мен Украина арасындағы соғыс басталғаннан бері БҰҰ-ға ресейлік әскер зорлық-зомбылық жасағаны туралы 150 шағым түскен. 

"Біз тек айсбергтің бір бөлігін көріп отырмыз. Бүгінге дейін Украинадағы балаларға, әйелдерге және еркектерге жасалған зорлық-зомбылық жөнінде 150 шағым түсті. Мұндай оқиға кез келген адамның өмірінде жазылмас жара болып қалатыны анық. Сондай-ақ отбасының бұзылуына әсер етіп, келешек ұрпаққа да зиян тигізеді", деді Прамилла Паттен. 

Аталған саммит Украина президенті Владимир Зеленскийдің әйелі Елена Зеленскаяның ұйымдастыруымен өткен. Іс-шараны Владимир Зеленский ашты. Аталған жиынға Түркия, АҚШ, Канада, Испания, Литва президенттерінің әйелдері де қатысты. 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: БҰҰ Украина Ресей

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір