• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 03:04:08
Алматы
+12°

2022 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша Қазақстандағы халық саны 19 миллион 222,6 мың адамға жетті. Бұл туралы статистика бюросы мәлім етті.

Қалалықтардың үлесі –11 млн 460,5 мың (59,6%), ауылдықтар – 7 млн 762,1 мың (40,4%). 2021 жылғы 1  маусыммен салыстырғанда халық саны 237,8 мың адамға немесе 1,23 пайызға өскен.

Статистика бюросының мәліметінше, 2022 жылғы қаңтар-мамырда республика халқының табиғи өсімі 2021 жылғы қаңтар-мамырмен (111,5 мың адам) салыстырғанда 7,6 пайызға кеміп, 103,3 мың адамды құраған.

Қаңтар-мамырда 161,5 мың сәби дүниеге келген, бұл – былтырғы сәйкес кезеңге (175,2 мың адам) қарағанда 7,8% аз.

Жыл басынан мамырға дейін 58,5 мың адам қайтыс болған. Бұл – 2021 жылғы қаңтар-мамырға (63,7 мың адам) қарағанда 8,2 пайызға кем.

Есепке алынған кезеңде 1384 нәресте 1 жасқа дейін шетінеген. 2021 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда көрсеткіш (1423 шетінеген нәресте) 2,7 пайызға кеміген. 

Көші-қон қызметі органдары ұсынған мәліметтерде 2022 жылғы қаңтар-мамырда елімізге тұрғылықты тұруға келгендердің саны 6 227 адамды, елімізден кеткендердің саны 9 034 адамды, көші-қон айырымы  2 807 адамды құрағаны айтылады.

Негізгі көші-қон процесі ТМД мемлекеттерімен байланысты. ТМД елдерінен келгендер және сол елдерге кеткендер көшіп-қонушылар жалпы санының 85,1% және 81% пайызына тең.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: халық саны

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір