• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 15:35:38
Алматы
+35°

ШҚО әкімі Даниал Ахметов орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте Павлодар облысы полиция департаментінің экс-төрағасы Нұрлан Мәсімов ШҚО-дағы шекара бекеттерінің бірі арқылы Ресейге өтпек болған деген ақпарат нақты емес екенін айтты.

Оның сөзінше, Нұрлан Мәсімовтің нақты қайда ұсталғаны туралы ақпарат жоқ.

– Ақпаратта оқиға Ресей Федерациясының шығысындағы шекара бекетінде болғаны айтылған. Сол себепті мен бұл мәселеге қатысты ештеңе айта алмаймын. Ал құқық қорғау органдары тиімді жұмыс істегені күмән тудырмайды, – деді ол.

ҰҚК Нұрлан мәсімовтың ұсталуы туралы төмендегідей ақпарат таратты.

"Ресей Федерациясының арнайы қызметінің көмегімен Қазақстан-Ресей шекарасының шығыс учаскесінде өткізу пункттерінен тыс жерден заңсыз өту әрекеті кезінде ҚР және РФ азаматтарынан тұратын бір топ адам ұсталды. Олардың арасында бастапқыда өзі туралы жалған деректер берген іздеудегі Павлодар облысы бойынша полиция департаментінің экс-бастығы Нұрлан Мәсімов анықталды. Келісімдер аясында Ресей тарапы 13 шілдеде Н.Мәсімовты ҰҚК Шекара қызметі қызметкерлеріне берді.  Қажетті тексерулер мен сұрақ алу іс-шараларынан кейін құзыреті бойынша іздестірудің бастамашысы болған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке берілді" делінген ҰҚА баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Ал Антикор ақпаратында Нұрлан Мәсімов Шығыс Қазақстан облысының аумағында Ресей Федерациясымен мемлекеттік шекараны жалған құжаттар бойынша өту әрекеті кезінде ұсталды делінген.

Павлодар облысы полиция департаментінің экс-басшысы Нұрлан Мәсімов аса ірі мөлшерде пара алған деп күтікке ілініп, іздеуде жүрген. Нұрлан Мәсімов қаңтар оқиғасынан кейін көп ұзамай 17 қаңтарда қызметінен алынған. Ол Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовтің жақын туысы. Мәсімовтің өзі мемлекетке опасыздық жасады деген, сондай-ақ тағы 4 бап бойынша күдікке ілініп, тергеліп жатыр.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір