14 Шілде, 2022 NEWS
Фото: ШҚО ақпарат орталығы
7 жыл ішінде 1,3 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Сондай-ақ халықты сумен қамтамасыз ету бойынша айтарлықтай жұмыс жүргізілді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде ШҚО әкімі Даниал Ахметов айтып берді.
2015 жылдан бастап Абай өңірінде 40 млрд. теңгеге 156 нысан пайдалануға берілді, бұл ауылдардың орталықтандырылған сумен жабдықтауға қолжетімділігін 2 есеге, 42,7 пайыздан 88,7 пайызға дейін ұлғайтуға мүмкіндік берді.
– Абай облысында облыстық және аудандық маңызы бар 865 шақырым жол, сондай-ақ Семей қаласының 223 шақырым көше-жол желісі жөнделді. 2018 жылы Семейдің ұшу-қону жолағын және әуежайын қайта жаңарту аяқталды, – деді Даниал Ахметов.
2015 жылдан бастап Абай өңірінде 20 мектеп, 4 балабақша, 3 студенттік жатақхана салынды, 17 мәдениет және спорт нысаны іске қосылды, денсаулық сақтау мен әлеуметтік қамсыздандырудың 4 жобасы іске асырылды.
– Бұдан басқа, мемлекеттік-жекешелік әріптестік шеңберінде 17 млрд.теңгеге 79 жоба бойынша шарттарға қол қойылды, оның ішінде 68 - 7,5 млрд. теңгеге аяқталды, 11 - 9,5 млрд. теңгеге іске асыру жалғасуда. Еуропа Қайта құру және даму банкінің қаражаты есебінен 13 млрд. теңгеге 4 жоба іске асырылуда, оның ішінде сумен жабдықтау және су бұру жүйесін, Семей қаласы мен аудан орталықтарының көшелерін жарықтандыру жүйесін жаңғырту. Сондай-ақ, Үржар ауданындағы Алакөл көлінің жағалауының туристік инфрақұрылымын жақсарту бойынша шаралар қабылданды. Жағалауды дамытуға барлығы 17 млрд. теңге жұмсалды, – деп мәлімдеді өңір басшысы.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір