14 Шілде, 2022 NEWS
Фото: Ақорда сайты
Президент Қ.Тоқаев инфляцияның шарықтауы бүгінде ең күрделі мәселе болып отырғанын, қымбатшылық деңгейі 19,2 пайызға, азық-түліктің кейбір түрі бірден 80 пайызға қымбаттағанын мәлім етті.
– Үкіметтің бағаны тұрақтандыруға бағытталған шаралары тиімсіз болып шықты. Үкімет инфляцияны ескі әдіс-тәсілмен тоқтатқысы келеді. Оның өзінде бюджеттен қосымша қаражат бөліп, бағаны жасанды түрде ғана реттеп отыр. Яғни, қымбатшылықтың себебімен емес, салдарымен күрес жүріп жатыр. Ал, шын мәнінде, керісінше болуы керек. Үкімет бар жауапкершілікті өңірлерге артып қойды. Олар әкімшілік ресурсты пайдаланып, дүкендерді аралап жүр, басқа тәсілдер және жаңа идеялар жоқ. Мұндай жұмыс ешқашан тиімді болған емес. Бір сөзбен айтқанда, нарық заңдылығына сай келетін жаңа ұстаным жоқ, – деді Тоқаев үкіметтің бірлескен отырысында.
Президент 2 жыл бұрын тапсырған көтерме-тарату орталықтары желісі бар ұлттық тауар өткізу жүйесін іске қосу туралы тапсырмасын үкімет әлі орындамағанын атап өтіп, қазан айына дейін аталған салада атқарылған жұмыс туралы есеп беруді тапсырды.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір