• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Қыркүйек, 13:38:32
Алматы
+35°

Президент кеңейтілген Үкімет отырысында жол сапасының нашарлап кеткенін айтты, деп жазады ҚР президентінің баспасөз қызметі. 

 

«Келесі мәселе – автожол саласына қатысты. Бұл салаға түбегейлі реформа жасайтын уақыт жетті. Қазір еліміздегі жолдың жай-күйін қадағалап, қызмет көрсететін екі негізгі оператор бар. Турасын айтсақ, екеуі де бір жұмысты атқарып отыр, жұмысшыларының саны да қажетті шамадан артық. Соған қарамастан, азаматтардан келіп жатқан орынды арыз-шағымдар азаяр емес, ал жолдың сапасы мүлде сын көтермейді. Үкіметке «ҚазАвтоЖол» және «Казахавтодорды» біріктіріп, Қазақстанның біртұтас автожол компаниясын құруды тапсырамын. Нәтижесінде қызметкерлердің саны да қысқаратын болады», деді Тоқаев. 

 

Бұдан бөлек, президент автожол саласындағы жемқорлық мәселесіне де тоқталып өтті, деп жазады Азаттық рухы

«Биыл 11 мыңнан астам жолға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Оған 600 млрд теңгеден астам қаржы бөлінеді. Жолдың сапасына айрықша назар аудару керек. Еліміздің жолдары нашар екені және жол құрылыс саласын жемқорлық жайлағаны ешкімге жасырын емес. Тіпті басқа жерді айтпағанда, Ақордаға апаратын жолдың өзі жамау-жамау құрақ көрпеге ұқсайды», деді президент Үкімет отырысында. 
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір