13 Шілде, 2022 NEWS
Фото: sputnik.kz
Тараздағы "Қазфосфат" зауытын ауаға зиянды заттар тарап кетуіне байланысты уақытша жабу көзделіп отыр, деп хабарлады Астана телеарнасы.
Тараздағы алып өндіріс "Қазфосфат" зауытында техникалық апат болып, одан шыққан қою түтін қала көшелеріне жайылған. Облыстық экология департаментінің мамандары кәсіпорын жұмысын уақытша тоқтатпақ. Себебі, ауаға зиянды күкірт сутегінің мөлшері шамадан тыс тарап кеткен. Бұл жағдай тәулігіне екі рет қайталанған.
"Санитарлық қоғау аумағынан сынама алынып, ол жерде күкірт сутек зиянды заттар анықталып, нормадан тыс асқаны анықталды. Қазіргі таңда жоспардан тыс тексеріс дайындалып, зерделеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жөндегенге дейін зауыт жұмысын уақытша тоқтататын шығармыз" деді Жамбыл облысы экология департаментінің бөлім басшысы Серік Нұрбаев.
Тараз тұрғындары дүйсенбі кешке әлеуметтік желілерде тұман басқан қаланың видеоларын жаппай бөліскен Олар жағымсыз иіс салдарынан тыныс алу қиындағанын айтқан. Қаланы түтін басуына "Қазфосфат" зауытындағы жағдай себеп болған. Сағат кешкі 20:00-де моногидратты абсорбер сорғысы істен шығып, ауаға газ (күкірт триоксиді) тараған. Осыған байланысты цех жұмысы шұғыл тоқтатылды.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір