• USD 465.38

  • EUR 483.58

  • RUB 7.69

  • CNY 64.95

26 Қараша, 22:33:06
Алматы
-6°

Қазақстан теннисшісі Ұлыбританияда өткен Grand Slam турнирінде чемпион атанды.

Елена Рыбакина финалда тунистік Онс Джабемеден үш сетте (3-6, 6-2, 6-2) басым түсті.

Спорт журналисі Руслан Меделбек Елена енді әлем таныған жұлдызға айналатынын айтады.

"Келісім-шарттар, жарнамалар... Ал Ленаның арқасында әлем Қазақстанды тағы бір танымақ. Лена қайда туса да қазір оның есімінің жанында біздің ту ?? тұрмақ" дейді журналист.

Елена Рыбакина Ресейде туған. Спорттық мәнсабы сол жақта басталып, айтарлықтай жетістікке жете алмаған. 

2018 жылы Қазақстан азаматтығын алып, содан бері нәтижесін тек жақсартумен келеді. Токио олимпиадасында жүлдегер атануға  сәл-ақ қалып, 4-орын иеленген.

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Елена Рыбакина

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір