08 Шілде, 2022 NEWS
Фото: REUTERS
Жапонияның бұрынғы премьер-министрі Синдзо Абэ ауруханада қаза тапты, деп жазады Reuters.
Бүгін Жапонияның бұрынғы премьер-министрі, Либерал-демократиялық партияның бұрынғы лидері Синдзо Абэге қастандық жасалған. Абэ Либерал-демократиялық партия атынан жоғарғы палатаға үміткерді қолдау іс-шарасына қатысып, жұрт алдында сөйлеп тұрғанда оған белгісіз ер адам екі мәрте оқ атқан.
Күдікті оқиға орнында ұсталды. Ол Тецуя Ямагами қаласының 41 жастағы тұрғыны екені, бұрын теңіз күштерінде қызмет еткенін хабарланды.
Жапондық Kyodo News басылымы Абэ премьер болып тұрғанда қауіпсіздік саласы бойынша жапон-америка одағын күшейтуге Жапонияның шетелдегі беделін биіктетуге барынша күш салғанын жазды.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір