08 Шілде, 2022 NEWS
Фото: kyodonews.net
Жапонияның бұрынғы премьер-министрі, Либерал-демократиялық партияның бұрынғы лидері Синдзо Абэге қастандық жасалды. Экс-шенеуніктің жағдайы ауыр, деп жазады жапондық kyodonews порталы.
Абэ Либерал-демократиялық партия атынан жоғарғы палатаға үміткерді қолдау іс-шарасына қатысып, жұрт алдында сөйлеп тұрған. Kyodo News тілшісі ер адам атпас бұрын Абэ сөйлеп тұрғанда жанына жақындап, үнсіз бақылап тұрғанын көрген.
Абэні кеуде тұсынан екі рет атқан. Күдікті оқиға орнында ұсталды. Ол Тецуя Ямагами қаласының 41 жастағы тұрғыны екені, бұрын теңіз күштерінде қызмет еткенін хабарланды.
Басылым Абэ премьер болып тұрғанда қауіпсіздік саласы бойынша жапон-америка одағын күшейтуге Жапонияның шетелдегі беделін биіктетуге барынша күш салғанын жазады.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір