04 Шілде, 2022 NEWS
Фото: ratel.kz
Қазақстанда онлайн құрбандық шалуға мүмкіндік беретін qurban2022.kz сайты іске қосылды. Биыл елімізде құрбан шалу рәсімі офлайн және онлайн форматта өтеді. Құрбан айт 9 маусымда басталады.
"Діни басқарма ел азаматтарына, әсіресе қала тұрғындарына қолайлы жағдай жасау мақсатында құрбан шалу рәсімін қашықтан өткізуге арналған qurban2022.kz сайтын іске қосты", - деп хабарлады Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы.
Онлайн құрбан шалғысы келетіндер сайт арқылы құрбандық малын таңдап, көрсетілген реквизитке қажетті ақшаны аудара алады. Қой мен ешкіні бір адам, ал ірі қара мен түйені бір немесе 7 адам бірігіп шалса болады.
Бұдан кейін төлем барысында хабарламаға тапсырыс нөмірі мен құрбандық шалушының аты-жөнін жазу міндетті. Құрбандық шалынған соң оның фото және бейне есебі тапсырыс беруші көрсеткен WhatsApp нөмірге жіберіледі.
Құрбандық еті мұқтаж жандарға таратылады. Сол себепті мұқтаж жандар осы сайтта етті алуға өтініш беруге тиіс.
Qurban2022.kz сайтында Нұр-Сұлтан тұрғындары үшін құрбандыққа шалынатын бір қойдың бағасы 70 мың теңге. Ал ірі қара бір адамға 455 мың теңгеге шығады. Егер жеті адам бірігіп сойса, әрбіреуі 65 мың теңгеден төлеуі керек.
Алматы қаласында қой – 75 мың теңге, ешкі – 47 мың теңге, ірі қара – 392 мың теңге тұрады.
Сайтта көрсетілген мал бағасына қасапшының еңбекақысы кіреді. Қалған қызмет түрлері (малды бөлшектеп сою, пакеттерге салып, мұқтаждарға жеткізу) – тегін. Құрбан айт үш күнге созылады. Биыл Құрбан айттың бірінші күні сенбі, 9 шілдеге түсіп тұр.
Қазақстанда Құрбан айттың алғашқы күні демалыс болып саналады. Бірақ бұл ұлттық немесе мемлекеттік мереке болмағандықтан, демалыс күні ауыстырылмайды. Сол себепті қазақстандықтарға осы жылы қосымша демалыс берілмейді.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір