• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

04 Желтоқсан, 00:04:39
Алматы
+7°

Қазақстан Парламенті сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев журналист Нартай Аралбайұлына берген сұхбат барысында қаңтар оқиғасында қаза тапқан 4 жасар Айкөркем туралы пікір білдірді. 

– Қаңтар оқиғасы кезінде мен жұмыста болдым. Ескертусіз оқ атуға байланысты биліктің өкілдері бірнеше рет түсініктемелерді бұған дейін де айтқан болатын. Сондықтан бұл сұраққа қайтып келмейік. Қаза болған бүлдіршін мәселесін айтайық. Бұл – үлкен трагедия. Әр ата-ана үшін баласынан айрылу – ең үлкен қасірет, ең үлкен трагедия екені анық. Тағы да қаза тапқан бүлдіршіннің әке-шешесі мен туған-туыстарына көңіл айтамын. Бұл трагедия бәріміздің қабырғамызды қайыстырды. Бұл қалай болды, неге болды? Бұл сұрақтарды тергеу органдары толық анықтауы керек. Сондай-ақ халыққа керекті түсініктемелер жасалу тиіс. Кездейсоқ болған жағдай, арнайы атпаған шығар деп сенеміз. Бірақ біз олай айта алмаймыз, тергеу жүруі керек. Тергеудің нәтижесінде ата-анасымен қатар халыққа да мәліметтер берілуі керек. Сондықтан тергеудің аяқталғанын күтейік. Сол кезде ғана осы мәселеге қатысты пікір білдіруге болады. Қазір тек бұл оқиға отбасы үшін ғана емес, бәріміз үшін ауыр тигенін айта аламын, – деді Мәулен Әшімбаев. 

4 жастағы Айкөркем Мелдехан 7 қаңтар күні қаза тапқан. Мелдехан әулеті кешкі уақытта азық-түлік іздеп көлікпен Сәтпаев көшесінің бойымен кетіп бара жатқан. Алматы әкімдігінің маңына таяғанда әлдекімдер көлікті атқылай бастайды. Атылған оқтың бірі Айкөркемнің маңдайына тиген. Көлікте отағасы Айдос Мелдеханның Айкөркемнен өзге бір ұлы мен қызы болған. Екеуі де жараланған. Бүгінде екеуінің де жағдайы мәз емес. 15 жастағы қыздың денесінде әлі де 8 жарақат жарықшағы бар. Оны шығару мүмкін болмай тұр. Жаралы қыз үйінен шықпайды, қозғалуы қиын. Мектепті онлайн бітірген. Үйдегі кенше ұлмен психолог жұмыс істеп жатыр. Әліге дейін қорқады. Посттравматикалық шок алған. Айдос Мелдехан көлік шанағынан 20 оқ ізін тапқанын айтады. Сөзінше, баллистика сараптамасы оқ әскерилер қолданатын қаруға тиесілі екенін анықтаған.
 
Ал жуырда Orda.kz ақпарат порталы Мелдеханның жанұясы ҰҚК қызметкерлерінің қоқан-лоқысынан кейін шетелге кетіп қалғанын жазды. Басылым Айдос Мелдехан ҰҚК қызметкерлері бірнеше мәрте келіп, қоқан-лоқы көрсеткенін айтқанын, оларға азалы отбасының белсенділігі, тергеуді талап етіп, журналистерге сұхбат бергені ұнамай қалғанын хабарлаған. Сондықтан отбасымен шетелге кетуге мәжбүр болғанын, қауіпсіздіктері үшін қайда кеткенін айта алмайтынын жеткізген.
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір