• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 00:23:36
Алматы
+12°

Биыл мұсылмандар үшін қасиетті Құрбан айт 9-шы шілдеге белгіленген. Осыған орай Бас мүфти кәсіпкерлерге үндеу жасады деп хабарлады Астана телеарнасы.

Ол азық-түлік пен мал бағасын өсірмеуді, халықтың қалтасымен санасуға шақырған. Сондай-ақ биыл да құрбандық шалу ел аумағында офлайн және онлайн режимде жүзеге асатынын айтқан. Бұл бағытта арнайы сайт жұмыс істемек.

"Үстіміздегі жылдың жыл санауы бойынша 8 шілде күні Алла қаласа арафа күні болады. Ал енді құрбан айт мерекесенің алғашқы күні, Алла қаласа Құрбан айт күні ол тоғызыншы шілдеге келіп отыр. Алла тағала баршамыздың тілегімізді-ниетімізді қабыл етсін", деді Наурызбай қажы Тағанұлы. 

Онлайн түрде құрбан шалам деушілер qurban2022.kz сайты арқылы құрбандық малын таңдап, көрсетілген реквизитке қажетті қаражатты аудара алады. Қой мен ешкіні жеке адам, ал ірі қара мен түйе малын бір немесе 7 адам бірігіп шалуына болады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір