30 Маусым, 2022 NEWS
Фото: ШҚО Ақпарат орталығы
30 маусымда «Восток» стадионында «SD Family» ФК-мен алғашқы ойынын өткізеді.
Шығыс Қазақстанның облыс орталығы үшін бұл шын мәнінде тарихи оқиға. Келесі жылы клуб 60 жасқа толады, бұл аз емес. «Шығыс» (қазіргі «Алтай») КСРО біріншілігіне "Б" тобында қатысу үшін «Торпедо» және «Металлург» командаларының бірігуі нәтижесінде пайда болды. Ол өзінің сол кездегі атауын жан-жақты бұқаралық танымалдылығына байланысты алды. Кеңес Одағында «Шығыс» деп зымырандар мен ғарыш кемесі, танымал топтар мен командалар иеленді.
Өз тарихында «Алтай» бірнеше рет түрлі чемпионаттар мен кубоктардың жүлдегері болды, әрине, түрлі жағдайларда жеңілістер де орын алды. Бірақ бүгінде Шығыс Қазақстан облысында футболды дамытуға үлкен көңіл бөлінуде. Сондықтан клубтың туған отанына оралуы - бұл жай ғана көшу емес, бұл «Алтай» командасының тарихындағы жаңа кезең болмақ. Ең үлкен жеңістер мен үлкен жетістіктер әлі алда деп сеніммен айтуға болады. Өйткені, қазір тәжірибелі және кәсіби жаттықтырушылардың жетекшілігімен Өскеменде дарынды балалар тегін жаттығады, олардың арасында әлемге танымал футболшылар да өсіп келетініне кәміл сенімдіміз. Облыс әкімі Даниал Ахметов бұқаралық спортты, атап айтқанда футболды дамыуға зор көңіл бөлуде. Оның арқасында футбол олимпінде міндетті түрде жаңа шығысқазақстандық есімдер жағылады.
30 маусымда сағат 16.00-де «Восток» стадионында Шығыс Қазақстанның «Алтай» футбол клубына жанкүйер болып, жарқын ойынның куәсі болыңыздар. Жанкүйерлердің күш-жігерінің арқасында кейде үлкен жеңістер орын алады. Стадионға келе алмағандар үшін трансляция Қазақстанның кәсіби футбол лигасының ресми YouTube-арнасында тікелей эфирде жүргізіледі.
ШҚО Ақпарат орталығы
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір