29 Маусым, 2022 NEWS
Фото: kapital.kz
Қаңтар қақтығысы кезінде "шерушілерді азаптады" деген күдікпен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің 8 қызметкері мен 1 полицей ұсталды. Бұл туралы Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев мәлім етті.
"Ресми мәлімет бойынша, қаңтар оқиғасында қайтыс болғандардың саны - 232. Одан кейінгі азаптаулардан 6 адам қаза тапты. Күдікті ретінде 15 адам анықталды. Оның ішінде 9 адам қамауға алынды. Олардың арасында Ұлттық ұлан қызметкерлері жоқ. Қамалғана адамдардың 8 ҰҚК қызметкері мен біреуі полицей", - деді Шындалиев.
Шындалиевтің айтуынша, күдіктілер қызметтерінен шеттетілген, қамалмағандары үйқамақта отыр.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір