• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 05:41:07
Алматы
+12°

Бүгін Алматыдағы М.Ганди атындағы саябақта БАҚ өкілдерінің қатысуымен журналистердің сөз бостандығына арналған митинг өтті. Рұқсат етілген митингті "Әділ сөз" сөз бостандығын қорғау ұйымы мен Orda.kz ақпарат агенттігі ұйымдастырған. 

Митингте алғашқыларды бірі болып сөз алған "Әділ сөз" ұйымының басшысы Тамара Калеева Қазақстанға цензураға қарсы заң керегін айтты. 

gfd

Сондай-ақ журналист Гүлнар Бажкенова, саясаткер Болат Әбілов, Шымкент қаласынан келген журналист Амангелді Батырбеков және саясаткер Мұхтар Тайжан Қазақстандағы сөз бостандығы мәселғсі туралы ойларын ортаға салды білдірді. 

Болат Әбілов журналистер өз ойын ашық білдіруді тоқтатпауы керектігін айтады.

vds

– Мен де телеарналарда қызмет еттім. Алайда өз пікірімді ашық айтудан қашпадым. Сіздер де өз пікірлеріңізді қорғаңыздар. Біздің елде журналистерге бейәдеп сөйлейтін министрлер болмауы керек. Ондай мәдениетсіз министрлерді бірден отставкаға жіберу керек деп ойлаймын, – дейді Әбілов. 

vdsV

Ал журналист, заңгер Амангелді Батырбеков журналистік зерттеу жасап, мақала жариялағаны үшін бірнеше рет түрмеге отырғанын жеткізді. Оның сөзінше, заңгер болғандықтан ғана 4 ретте де ақталып шыққан. Алайда кейін белгісіз адамдар тарапынан өзіне оқ атылып, ұлы жараланған. Батырбеков бұл жағдайды журналистік қызметімен байланыстырады.

dbf

– Мені тоқтата алмайтынын білген соң  билік өкілдері белгісіз адамдарды жалдап мені өлтіруге тырысты. Бірақ мен бұл жолдан ешқашан қайтпаймын. Әрбір журналист шындықты жазудан қорықпаған кезде ғана еліміз алға жылжиды. Сөз еркіндігін аяққа таптатпауымыз керек. Маған қастандық жасаса да журналистика саласын тастап кетпедім. Бұл – жалған ұран емес. Мен келешек ұрпағымды ойлаймын. Егер қысым жасалды екен деп, қорқып қалатын болсақ, болашақ балаларымыз қандай қоғамда өмір сүрмек?! Сол себепті біз басымызды бәске тігуіміз керек, – дейді Амангелді Батырбеков.

sv

njk

Митинг барысында саяси белсенді Мұхтар Тайжан журналистердің сұрағына жауап берді. 

– Сөз бостандығы біздің қанымызда бар нәрсе. Ата-бабамыз "Дат тақсыр" деп шындықты айтқан. "Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ" деп қазақ бекер айтпаған. Біздің елде ресми және бейресми сөз бостандығы бар деп ойлаймын. Өйткені, әлеуметтік желілерде біз өз ойымызды еркін жеткізе аламыз. Өкініштісі, мемлекеттік арналарда мұндай еркіндік жоқ. Олар өз ойын еркін әрі ашық жеткізетін спикерлерді эфирге жібермейді. Яғни, бейресми сөз бостандығы бар. Бірақ ресми түрде сөз бостандығымыз әлі шектеулі, – дейді Мұхтар Тайжан. 

sV

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Омаров Қазақстандағы сөз бостандығын бес балдық меже бойынша 4,9 балға бағалаған. Ал Мұхтар Тайжан билік адамының сөз бостандығына қатысты мұндай баға беруі таңғаларлық жайт еместігін айтты. Мұхтар Тайжан еліміздегі сөз бостандығын 3,5 деп бағалайды. Оның ойынша, Қазақстанда әлі күнге дейін қаңтар, жаңаөзен оқиғалары жөнінде ашық айтылмай келеді. Ол мемлекеттік телеарналар бұл тақырыптарда біржақты ғана ақпарат таратып отырғанын атап өтті. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір