22 Маусым, 2022 NEWS
Фото: tengrinews.kz
Ақжарқын Тұрлыбайдың ісінде күдікті деп танылған нигериялық Қазақстанға экстрадициялануы мүмкін. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігі хабарлады.
"20 маусымда Нигерияда Интерполдың Қазақстан Республикасы ІІМ-дегі Ұлттық Орталық бюросының сұрауы бойынша ҚР ҚК 259-бабы 2-бөлігінде көзделген қылмыс (есірткі құралдарын немесе психотроптық заттарды заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе өткізу) жасағаны үшін халықаралық іздеуде жүрген Адиндо Нонсо Фортуне ұсталды.
Қазіргі уақытта оны қамауда ұстау және Қазақстанға одан әрі экстрадициялау туралы процестік шешім қабылдау мақсатында қажетті материалдар Интерполдың Нигерия ҰОБ-на жолданды", - делінген хабарламада.
Бұған дейін Ақжарқын Тұрлыбайдың адвокаты Сұңқар Нұрмағамбет қорғауындағы қазақстандықтың Қытайдағы сапарын ұйымдастырды деп күдікке ілінген нигериялық ұсталғанын хабарлаған еді.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір