• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 21:54:23
Алматы
+12°

2021 жылы Бейбітшілік сыйлығын алған "Новая газета" басылымының бас редакторы Дмитрий Муратов өзінің Нобель төсбелгісін 103,5 млн долларға сатты, деп жазады currenttime.tv сайты.

Аталған аукцион АҚШ-тағы Heritage үйінде өткен. Журналист қаражатты түгелдей Ресейдің шабуылынан зардап шеккен украиндық босқындар мен олардың отбасылары үшін ЮНИСЕФ-тің халықаралық көмек қорына беретінін айтты. 

Нобель төсбелгісін сатып алған адамның аты-жөні аталмады. 

Дмитрий Муратов "демократия мен бейбітшіліктің алғышарты ретінде танылған сөз бостандығын сақтаудағы күш-жігері үшін" 2021 жылғы Нобель Бейбітшілік сыйлығының лауреаты атанған болатын.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір