• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 04:05:41
Алматы
+12°

20-ғасырдың басынан бастап, Зайсан өңірінде халықтың денсаулығын қорғау жүйелері біртіндеп, іске аса бастады. Талай жан дертіне дауа, сырқатына ем тапқан, киелі мекеме – Зайсан аудандық орталық ауруханасына биыл 100 жыл толып отыр. 

Еліміз Тәуелсіздік алған 1991 жылдан бастап, аудандағы медицина саласы көптеген қиыншылықтарға ұшырап, ауыр жағдайда жұмыс істеді. Еліміздегі “оңтайлау’’ реформаларына байланысты, медицина саласын қаржыландыру күрт төмендеп кетті.

1999 жылы аудандық ауруханада алғашқы диагностикалық кеңес беру бөлімі ашылды. 21-ші ғасырдың басынан бері, аудандық аурухана жағдайы оңалып келеді. Әр жылдары ауруханада еңбек еткен бас дәрігерлер мен ақ халатты абзал жандарға аудан тұрғындарының алғысы шексіз. Әлемді жайлаған коронавирус індеті кезінде де, дәрігерлер жанқиярлықпен күні-түні антына адалдық танытып, еңбек етті.

2020 жылдың желтоқсан айынан бастап, Зайсан аудандық ауруханасының бас дәрігері қызметіне тағайындалған Ж.Б.Тілеуберлин басшылығымен дәрігерлер халыққа қалтқысыз қызмет етіп, алғысқа бөленіп келеді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір