• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 09:05:41
Алматы
+35°

Саясаттанушы Расул Жұмалы елшілік қызметке қайтып барды.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Расул Берекетұлы Жұмалы Қазақстан Республикасының Ливан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды" делінген Ақорда сайтындағы ақпаратта.

Расул Берекетұлы Жұмалы  1971 жылы 15 ақпанда Алматы қаласында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік университетінің Шығыстану факультетін бітірген. 1992-2007 жылдар аралығында дипломатиялық қызметте: Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінде және Үкіметінде, сондай-ақ Мысыр, Біріккен Араб Әмірліктері, Израиль, Ливия, бірқатар басқа мемлекеттердегі Қазақстан елшілігінде жұмыс атқарған.

"Эксклюзив" журналының бас редакторы болған.

Расул Жұмалы қоғамдық белсенділігімен, саяси сараптамаларымен, тіл жанашыры ретінде белгілі. Мемлекеттік қызметтен кеткен соң билік саясатының келіспейтін тұстарын, кемшіліктерін әлеуметтік желіде, сұхбаттарында, мақалаларында ашық айтып, билікке сыншыл саясаттану ретінде танылды. 2019 жылғы президент сайлауында үміткер Әміржан Қосановтың командасында болды. Қ.Тоқаев билікке келуімен президент бастамашыл болған ұлттық қоғамдық сенім кеңесіне енді, бұрынғы НұрОтан қазіргі Аманат партиясының іс-шаралары туралы эксперттік пікірін білдіріп жүрді.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Расул Жұмалы

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір