• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

21 Қараша, 19:37:15
Алматы
+12°

Бүгін Үкімет отырысында ант берген министр Саясат Нұрбек әлеуметтік желіде қызу талқыға түскен сұрақтарға жауап берді, деп жазады ulysmedia.kz.  

"Өзіңіз Ғылым және жоғары білім министрі лауазымына тағайындалып отырсыз. Балаларыңыз жоғары білімін шетелде жалғастыра ма? Әлде министр ретінде өзіңіз үлгі болып елге әкелесіз бе?" - деп сұрады журналистер.

 

– 26 маусымда олар Қазақстанға қайтады. Мен оларды асыға күтіп отырмын. Керек десеңіз, мен сіздерге фотоесеп беремін, – деді Саясат Нұрбек.

 

"Олар не үшін осы уақытқа дейін шетелде оқыды?" деген сұраққа министр былай жауап берді.

 

– Үш себеп бар. Біріншісі менің жұбайым мен балаларымның медициналық жай-күйі. Медициналық нақты қорытынды бар. Өкінішке қарай мен оларды қаржылық тұрғыда осында оларды оқыта алмадым. Үшіншіден, ол – ол өте жақсы британдық мектеп. Бірақ уайымдамаңыздар, 26 маусымда олар Қазақстанға оралады, – деді ол.

 

"Ал өзіңіз министр болмасаңыз, балаларыңыз сол жақта оқи беретін бе еді?" деген сұраққа министр "біз жыл басында-ақ балаларымызды қайтаратынымыз туралы шешім қабылдап қойғанбыз" деп жауап берді.

Бұдан бөлек, министр діни сеніміне қатысты қойылған сұрақтарға да жауап берді. 

 

– Мен мұсылманмын, Құдайға шүкір. Салафизмге еш қатысым жоқ. Білесіздер, атам мен әжемнің қолында өстім. Тексерсеңіз өте оңай. Атам Нұрбек. Тегімді атамның атына алған адаммын. Семей қаласында ол кісі имам, молда болды. Тыныбай мешіті деген бар. Татар мешіті болған бізде. Бірінші ашылған қазақ мешітінің имамы болды. Сондықтан кішкентей кезімнен бастап мен дінге, иманға жақын адаммын. Бірақ ешқандай радикалды ағымға, секталарға, салафизмге қатысым жоқ, – деді Саясат Нұрбек.

 

Сөз соңында жаңа министр Бекболат Тілеуханмен мыңдаған адам суретке түскенін, «оның өнер адамы екенін, ақын екенін, ол кісіні құрмейттінін» мәлім етті.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір