• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 13:12:52
Алматы
+12°

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 16 наурыз күні халыққа жасаған дәстүрлі жолдауында елде үш жаңа облыс құруды ұсынды. Атап айтұқанда Семей аймағында Абай облысын, Жезқазған аумағында Ұлытау облысын, Талдықорғау аумағында Жетісу облыстары құрылмақ. Осылайша, Шығыс Қазақстан облысының әкімшілік-аумақтық құрылымына өзгеріс енбек.

– Халықтың қалауын ескеріп, бүгін бірқатар бастама көтермекпін. Ең алдымен, Семей аймағында Абай облысын құруды ұсынамын. Семей қаласы жаңа облыстың орталығы болады. Осы мәселені аймақ құрылымдары көптен бері айтып жүргені белгілі. Қазір ол жақта шешімін таппаған түйткілдер аз емес. Мысалы, аймақтың ішкі-инфрақұрылымы әбден тозған. Кезінде Алаш арыстарының басын қосқан Семей қаласының жағдайы мәз емес. Біз тарихи әділдікті орнатып, ұлыларымыз дүниеге келген киелі өлкені қайта жаңғыртуға тиіспіз, – деді мемлекет басшысы.

Сонымен, алаштың рухани ордасы 25 жылдан кейін облыс мәртебесіне қайтадан ие болмақ. Бұл шешімді семейліктер көп күтті. Бүгінде Семейде 350 мың адам тұрады. Жаңалық шыққалы жұршылық қуанышында шек жоқ.

«Президент халық үніне құлақ асып, ел қалауын орындады», – дейді олар.

Қоғамдық көліктердің дұрыс қатынамауы, қоқысқа толған жәшіктер, жылдар бойы жөнделмеген көпірлер, шұрық тесік жолдар халықты әбден шаршатқан. Енді олар көп күттірмей шешімін таппақ. Енді өз алдына Абай облысы құрылып, жеке бюджет бекітіледі. Жергілікті басқару органдары қайта құрылады. Өңір экономикасы өркендеп, халықтың әлеуметтік жағдайы жақсармақ.

Бұдан бөлек Шығыс Қазақстан облысының әкімшілік-аумақтық құрылымын өзгерту барысында Тарбағатай ауданының құрамынан Ақсуат және Тарбағатай аудандарын, ал Көкпекті ауданының құрамынан Самар және Көкпекті аудандарын бөлу жолымен жаңа аудандар құру туралы шешім қабылданып отыр. Алдағы уақытта Тарбағатай ауданының әкімшілік орталығы – Ақжар ауылы, Ақсуат ауданының әкімшілік орталығы – Ақсуат ауылы, Самар ауданының әкімшілік орталығы – Самар ауылы, Көкпекті ауданының әкімшілік орталығы – Көкпекті ауылы болып өзгермек.

Территориялық бөліністерге сәйкес, Шығыс Қазақстан облысының аумағы 97,8 мың шаршы метр болады. Құрамына 9 аудан және 2 қала кіреді. Абай облысының аумағы 185,5 мың шаршы метрді құрайды,  құрамына 8 аудан және 2 қала кіреді. Атап айтқанда, ШҚО аумағында – Өскемен, Риддер қалалары, Глубокое, Зайсан, Катонқарағай, Күршім, Самар, Тарбағатай, Ұлан, Шемонаиха, Алтай аудандары қалады. Абай облысына – Семей, Курчатов қалалары, Абай, Аягөз, Ақсуат, Бесқарағай, Бородулиха, Жарма, Көкпекті, Үржар аудандары қарайды.

Жаңадан құрылатын облыс халқының саны – 638,3 мың адамды құраса, Шығыс Қазақстан облысының халқы – 717,6 мың болмақ, бұл – облыс халқының 53 пайызы. Абай облысында сәйкесінше, 47 пайыз. Өнеркәсіптердің 68 пайызы – ШҚО-да, 32 пайызы – Абай облысында қалмақ. Екі облыстың қала-аудандары 1997 жылы Семей облысы қосылғанға дейінгі территориялар бойынша бөлінген.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір