• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

21 Қараша, 20:00:30
Алматы
+12°

Сыртқы істер министрлігінің өкілі Қытай түрмесінде жазасын өтеп жатқан қазақстандық Ақжарқын Тұрлыбайға қатысты пікір білдірді, деп хабарлады Tengrinews.kz сайты.

СІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, қазіргі уақытта Ақжарқын Тұрлыбайды Қазақстанға қайтару мәселесі пысықталып жатыр.

"Қазір екі елдің бас прокуратурасы арасында жаза мерзімін одан әрі өтеу үшін оны Қазақстанға беру мүмкіндігіне қатысты тиісті жұмыстар жалғасып жатыр" деді ведомствоның баспасөз қызметі өкілі.

Қазақстандық дипломаттар Ақжарқын Тұрлыбаймен үнемі байланыста екенін айтады.

"Ол ағылшын және қытай тілдерін үйреніп жатыр. Денсаулығына қатысты шағым жоқ, көңіл-күйі қалыпты" делінген СІМ хабарламасында.

Бұған дейін адвокат Сұңқар Нұрмағамбетов Қытайда өмір бойына сотталған Ақжарқын Тұрлыбайды экстрадициялау туралы айтуға әлі ерте екенін, мәселе әлі шешілмегенін айтқан.

"Қазақстан Республикасының сотталған азаматтарын елге қайтару 2015 жылдың 30 қыркүйегінде Бейжіңде қол қойылған екіжақты келісіммен реттеледі. Мұндай келісім барлық елде жоқ. Бұл – факт!

Елге қайтару мына процедуралардан тұрады:

  1. Үкімді өмір бойына бас бостандығынан айырудан бас бостандығынан айыруға (мерзім бойынша есептелген) қайта қарау туралы қаулы елге қайтаруға тікелей ықпал етеді.
  2. ҚР Бас прокуратурасына сотталушыны елге қайтару туралы өтінішхат жолдау. Өтінішхатты мен 2016 жылдың сәуірінде бастадым.
  3. Бас прокуратура мен ҚР СІМ-нің Қытай тарапымен бағдарламаны орындау бойынша өзара іс-қимылы.

Өте маңызды сәт. Биыл жаза қайта қаралуы мүмкін" деді Нұрмағамбетов. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір