• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 04:57:34
Алматы
+12°

Қазақстандық саясаткер, Атырау облысының бұрынғы әкімі Бергей Рысқалиев  Бас прокурор Берік Асыловқа арыз жазып, мәжіліс депутаты Сәлімжан Нақпаевты "жалған мәлімдеме жасады" деп айыптап, оны жауапқа тартуды сұрады. Бұл туралы Рысқалиев өзінің facebook парақшасында жариялаған. 

Бергей Рысқалиев

"Маған қатысты іс түгелдей саясиландырылған. Кезінде қазіргі парламент депутаты Сәлімжан Нақпаев Бауыржан Байбектің қолдауымен маған және басқа да әкімдік қызметкерлеріне қарсы арыз жазған болатын. Соттың барлық шешімдерінен кейін менің адвокаттарым парламент депутаты Нақпаевтың жалған денонсация жазғанын толық дәлелдеген еді. Маған қарсы қолданылған барлық фактілер шындыққа жанаспайды. 2022 жылдың 20 мамырында Бас прокуратура Нақпаев жалған куәлік бергені туралы жазған арызымды қабылдады. Бас прокуратурадан жауап күтеміз", делінген экс-әкім жазбасында. 

Рысқалиев өз арызында тек Сәлімжан Нақпаевты айыптап қана қоймай, бүгінге дейінгі сот үкімдерін қайта қарап, бас прокурордан әділетті тергеуді сұраған. Сондай-ақ сот отырысына видео арқылы онлайн түрде қатысуға дайын екенін жеткізген. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір