• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қараша, 03:18:25
Алматы
+12°

Фото: Бағдат Мусиннің facebook парақшасынан

Экономист, бұрынғы вице-премьер Ораз Жандосов Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусиннің штаттан тыс кеңесшісі атанды.
 
"Кейде маңызды шешім қабылдау үшін тәжірибелі кісілердің кеңесі қажет боп жатады. Маған кез-келген сәтте консультация беретін аса тәжірибелі, өзім арқа сүйейтін кісілердің бірі Ораз Әлиұлы Жандосов. Онымен Қазпоштада жұмыс істегенде танысқан болатынмын, ол кезде тәуелсіз директор болатын және Директорлар кеңесінің төрайымы Елена Леонидовна Бахмутовамен бірге маған тәжірибелік тұрғыда көп қолдау көрсетіп, бағыт-бағдар жасаған еді. Сонда құрылған корпоративтік басқарудың сауатты жүйесін осында, яғни ЦДИАӨМ-де енгізгім келеді. Сондықтан мен экономика саласының майталманы Ораз Жандосовқа штаттан тыс кеңесші болуға ұсыныс жасадым. Менің ұсынысымды қабыл алғаныңыз үшін алғыс айтамын!" делінген министрдің әлеуметтік желідегі жазбасында.
"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Кадрлық өзгеріс

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір