• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 02:47:07
Алматы
+12°

Мексикалық боксшы Сауль Альварес ресейлік Дмитрий Биволмен жақын арада реванш өткізуге дайын. Бұл туралы Геннадий Головкиннің промоутері Эдди Хирн айтты деп жазады Sports.kz

"Канелоның" Биволдан жеңілуі Головкинмен жекпе-жектің өтпеуіне себеп болуы мүмкін. Мексикалық боксшы мен Головкиннің үшінші жекпе-жегі биыл қыркүйек айына жоспарланған болатын. Бірақ "Канело" мамыр айында Дмитрий Биволмен кездесіп, жеңіліске ұшыраған. Бұл жағдай "Канелоның" жоспарларын өзгертіп отыр. 

– Мен кеше "Канеломен" сөйлестім. Дүйсенбіде біз алдағы жоспарлар туралы ақылдасатын боламыз. Біз оның қыркүйекте орта салмақта "абсолютті чемпион" атағы үшін GGG-мен жұдырықтасу жоспары барын білеміз. Бұл жекпе-жекті міндетті түрде өткізуіміз керек. Алайда қазір Канело Биволмен реванш жасауға асық. Ол Биволмен жұдырықтасқаннан кейін ғана GGG-мен кездеседі деп ойлаймын. Оны ұйымдастырудың жалғыз мүмкіндігі осы ғана болу керек. Шешімді бір аптадан кейін нақтылаймыз, – деді Эдди Хирн.

 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір