• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 17:51:57
Алматы
+35°
ШҚО да 2021  жылы білім беру объектілерін салуға және материалдық-техникалық базаны нығайтуға барлығы 13,1 млрд теңге бағытталды. Білім ордаларының материалдық-техникалық базасын жақсартуа ерекше көңіл бөлінуде. Бұл туралы облыстық мәслихаттың кезекті XV сессиясында ШҚО әкімі Даниал Ахметов мәлім етті.
 
Оның айтуынша, Өскемен қаласындағы технологиялық колледж бен Құрылыс колледжіне арналған 9 қабатты екі жатақхана ғимаратының құрылысы аяқталуға жақын.
 
– 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамтамасыз ету мәселесі 100% шешімін тапқан. Өскемен және Зайсан қалаларында шағын орталық және 1220 орындық 7 жекеменшік балабақша ашу есебінен 2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі ұйымдармен қамтамасыз ету 8%-ға өсіп, 97,5%-ды құрады. Барлық білім беру ұйымдарында ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды инклюзивті оқыту үшін жағдай жасалған. Көп балалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларды қолдау әдеттегідей басымдыққа ие болып отыр, – деді аймақ басшысы.
 
Жыл сайын жаппай оқыту қорының көлемі ұлғайып келеді. Өткен жылы тегін тамақпен, мектеп формасымен, аяқ киіммен қамтамасыз етуге облыстық бюджеттен 3,5 млрд теңге бөлінген.
 
– Еңбек ресурстарын дайындау мәселесіне көзқарас айтарлықтай өзгерді. "Жас Маман"  жобасы бойынша 11 құзыреттілік орталығы ашылды. Аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларды қолдау әрі жоғары білімді мамандар даярлау бойынша әлеуметтік қолдау жалғасын тауып жатыр. Бюджеттік гранттар алған студенттер саны 65%-ға артқан, – деді облыс әкімі жиын барысында.
"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: ШҚО білім саласы

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір