• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 13:12:50
Алматы
+12°

Қаржы министрлігіне қарасты Мемлекеттік кірістер комитеті қант шикізатын сыртқа сатуға алты ай мерзімге тыйым салды.

"Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауары болып саналатын қант тапшылығының пайда болуын болдырмау үшін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігімен ақ қантты және құрақ қанты шикізатын Қазақстан Республикасы аумағынан әкетуге алты ай мерзімге тыйым салу енгізеді. "Ақ қант және құрақ қант шикізатын әкетудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2022 жылғы 4 мамырдағы № 140 бұйрығы (http://zan.gov.kz/client/#!/doc/167498/rus бұйрыққа сілтеме) 2022 жылғы 23 мамырдан бастап күшіне енеді және 2022 жылғы 23 қарашаға дейін қолданылады" делінен комитет таратқан ақпаратта.

Бұйрық қолданысқа енгізілген күнге дейін ҚР және ЕАЭО кедендік заңнамасына сәйкес экспорттың кедендік рәсімі бойынша орналастырылған және шығарылған тауарлар Қазақстан Республикасының аумағынан кедергісіз шығарылады.

Мұндай шара ішкі нарықтың сұранысын қамтамасыз етуге, бағаны тұрақтандыруға бағытталған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір