05 Мамыр, 2022 Әлем
Фото: Getty
Әлемдегі ең бай адамдардың бірі Билл Гейтс әлемдегі ең бай адам Илон Масктың Twitter-дегі мақсаттарына күмән келтіреді. "Ол (Илон Маск) жағдайды нашарлатуы мүмкін" деп ойлайды Гейтс.
Сәрсенбіде "Wall Street Journal" бас директорларының саммитінде сөйлеген сөзінде Гейтс Маск Twitter-ді қалай өзгертетіні белгісіз екенін айтты, сонымен қатар әлеуметтік медиа платформаларында жалған ақпараттың таралуына алаңдаушылық білдірді.
Майкрософттың негізін қалаушы Масктың басқа компаниялардағы тәжірибесі керемет екенін мойындап, оның Tesla және SpaceX басшылығындағы уақытын "ақылға қонымды" деп бағалады. Гейтс Маск бұл компанияларда тамаша инженерлер тобын біріктіруде жақсы жұмыс жасады деп айтты.
"Мен бұл жолы олай болатынына күмәнданамын, бірақ бізде ашық ой болуы керек және ешқашан Илонды төмен бағаламау керек" дейді ол.
Гейтске "Масктың Twitter-дегі мақсаты қандай және оның сөз бостандығын алға жылжыту әрекеті ақылға қонымды ма?" деген сұрақ қойылды.
"[Твиттердегі] вакциналар адамдарды өлтіреді немесе Билл Гейтс адамдарды бақылап отыр" деген нәрсеге ол қалай қарайды?" деп қайтара сұрақ қойды Гейтс.
"Оның мақсаты немен аяқталады? Конспирологиялық теориялар соншалықты жылдам тарала ма? Соған тосқауыл қоятын мақсатты ұстана ма?" деді Гейтс.
Масктың өкілі CNBC-тің түсініктеме сұрауына бірден жауап бермеді.
Соңғы бірнеше аптада Маск сөз бостандығын дамытудан басқа Twitter-ді жақсартудың бірнеше жолдарын айтқан. Мысалы, ол платформаны пайдалану үшін компаниялардан аз мқлшерде ақы алуды бастауды ұсынған.
Жалған ақпаратпен күресу
Ковид-19 пандемиясы кезінде вакциналар туралы жалған ақпарат әлеуметтік желілерде өте кең тарады. Кейбіреулер "Гейтс 5G чиптерін вакциналар арқылы адамдарға имплантациялап жатыр" деген коспирологиялар таратқан.
"Бұл мүлде күтпеген және өте оғаш жағдай болды, адамдар (маған) айқайлап, наразылық білдіреді" деді Гейтс.
Ол әлеуметтік медиа платформаларына иелік ететіндердің шындықты қамтамасыз етуде рөлі бар деп санайды.
"Егер вакциналар туралы айтатын сенімді лидерлер болмаса, платформаның конспирологияға қарсы жұмыс істеуі өте қиын. Сондықтан менің ойымша, бізде көшбасшылықмен әрі платформамен мәселе бар" деді ол.
Гейтс болашақта вакцина туралы нақты ақпаратты таратуға көмектесу үшін 3 мың адамнан тұратын әлеуметтік медиа бөлімше құруды жоспарлап отырғанын айтты.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір