• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Қыркүйек, 19:41:30
Алматы
+35°

Түрксіб ауданы Бақытты Отбасы әлеуметтік орталығында тіркелген аналарымыздың балаларының арасында "Наурыз – көктем мейрамы" атты сурет байқауы өтті.

Наурыз мерекесінің әсемділігін суреттеуге тырысқан балалар ұшқыр қиялдарының терендігін көрсетті. Өткізілген шараның мақсаты – балалардың шығармашылық қабілетін шыңдап, өз белсенділігін көрсетуге мүмкіндік беру, сондай-ақ дарынды жастарды анықтау және көпшілікке шығармашылық шеберлігін, қабілетін көрсетуге мүмкіндік жасау болды.

Шараға жалпы саны 50 бала қатысты. Төрешілердің шешімімен үздіктері анықталып, мадақтама қағаздарымен және арнайы сыйлықтармен марапатталды.

Осы шараның өткізуіне септігін тигізіп, демеуші ретінде ат салысқан Алматы қаласы Маслихаты, "AMANAT" партиясының депутаты, Шардинов Шухрад Ахметжанович мырзаға алғысымызды білдіреміз.

Еліміздегі әр отбасының хал-ахуалына үңілу, өмір сүру деңгейін зерттеу, әлеуметтік жағдайын жақсарту – өзекті мәселелердің бірі. Осы ретте халықтың әлеуметтік жағдайын көтеру Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімідігінің назарынан тыс қалған емес. Мұндай кезек күттірмейтін мәселелерді шешу мақсатында 2019 жылғы тамыз айында Түрксіб ауданы әкімдігінің қолдауымен Бақытты отбасы әлеуметтік орталығы ашылып, өз жұмысын бастады.

Аталмыш әлеуметтік орталық әлеуметтік әл-ауқаты төмен отбасыларға, көпбалалы, жалғызбасты, мүгедек бала асырап отырған отбасыларға заң, психологиялық тұрғыдан көмек көрсетеді. Сонымен қатар, балала­рын балабақша кезегіне тұрғызу, тұрғын үй кезегіне тұрғызу, egov порталы арқылы анықтамалар алу, атаулы әлеуметтік көмекке тіркеу, "Отбасы банк" қызметкерлерінен баспана алу туралы кеңес алу жүзеге асырылады.

Аналардың біліктілігін арттыру мақсатында, жұмыспен қамту негізінде Бақытты отбасы әлеуметтік орталығында шаштараз, бет әрлеу, кірпік өсіру, тырнақ жасау, компьютерлік біліктілік, смм маркетинг, киіз басу, балаларға және ересектерге арналған массаж, ағылшын курстары тегін оқытылады. Өз кәсібін ашып бизнеске бет бұрған аналарға Бизнес бастау бойынша тренинг өткізіп, бизнес идеясын жүзеге асыруға атсалысып, кәсібін қалай жүргізу керектігі туралы арнайы мамандардан кеңес алуларына жағдай жасалған.

Алматы қаласы Түрксіб ауданы Бақытты отбасы әлеуметтік орталығының басты мақсаты – мұқтаж болған көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың өмір сүру деңгейін көтеру және әлеуметтік жағдайын жақсарту.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір